Тез әзірленетін кеспені әлемдік ауқымдағы бестселлер деп атауға болады – десем, артық кетпеймін, оны тұтыну жылдан жылға өсіп келеді, оның танымалдығы туралы мына әсерлі сандар айтады – тек 2017 жылы 100 миллиардтан астам қаптма бүкіл әлем бойынша сатылды. Оның бірегейлігінің құпиясы оның әртүрлі елдерде, әртүрлі жастағы және мәдениетте – түрлі адамдар үшін бірдей тартымдылығында. Тез әзірленетін кеспе негізіне алынған қарапайым идея 60 жыл бойы бүкіл әлем бойынша өндірушілермен табысты дамыды және бүгінгі күнге адамдарды сапалы және қоректік тағаммен қамтамасыз ететін тұтас индустрияға айналды.WINA – қауымдастығы ұйымдастырған жылдам дайындалатын кеспе өндірушілерінің 9 – шы халықаралық саммиті 22 және 23 тамыз аралығында Осака қаласында (Жапония) өтті. Оған 149 әлемдік өндіруші жиналды. Осаканың саммит өтетін орын ретінде таңдалуы кездейсоқтық емес. Дәл осы жерде 60 жыл бұрын, 1958 жылы алғаш рет "тез әзірленетін кеспе" өнімі сатылымға түсті. Бүгінгі күннен болашаққа қарап, индустрия көшбасшылары қазірдің өзінде өздеріне біз өніміміздің өніміміздің көмегімен адамдардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгерте аламыз ба? - деген сұрақ қояды. Жауап – озық инновациялық әзірлемелерді шығармашылық әлеуетпен, әсіресе, жаңа ұрпақтың прогрессивті идеялармен біріктіру. WINA өзінің алдлағы жақын 40 жылдықтағы халықаралық ауқымдағы миссиясын осылай көреді және оны аты аңызға айналған өнімнің 100 жылдық мерейтойына орай оны орындауды көздейді.
Маревен Фуд Сэнтрал WINA басқармасының мүшесі және Ресейдің жалғыз өкілі болып табылады. Біздің компанияның бас директоры До Суан Хоанг мырза стратегиялық әріптес Маревен - NISSIN FOODS HOLDINGS Ltd- Со Мәскеу өкілдігінің басшысы Бернард Вавржин мен бірге іс-шараға барды, ол жиналғандарға тез әзірленетін кеспенің ресейлік нарығына шолу жасады.