"Маревен Фуд Холдингс Лтд" халықаралық инвестициялық холдингі" Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қапшағай қаласында дайын тамақ өнімдері зауытының құрылысы бойынша басымдылық берілген жобаны жүзеге асырды. Жаңа өндірістік-логистикалық кешен республика тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қытай, Моңғолия және басқа да елдердің тұрғындарын да өнімдердің кең ассортиментімен қамтамасыз етеді. "Маревен Фуд Тянь-Шань" ауқымды жобасы қысқа мерзімде жүзеге асырылды: 2017 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметімен инвестициялық келісім-шарт жасасудан бастап, өткен жылғы маусымда жаппай өндіріс басталғанға дейінгі бір жыл ішінде. Кезең-кезеңмен төрт желі іске қосылды, бүгінде ол арқылы өнімдердің кең ассортиментін шығарылады: кеспе, дәстүрлі макарон өнімдері мен "Роллтон" брендті сорпа. Зауыттың жоспарлы қуаты 50 мың тоннадан астам немесе жылына 400 млн-нан астам дайын өнімді құрайды. Бұл Еуразиялық аймақ елдері тұтынушыларының өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыратын мөлшер болып табылады. "Маревен Фуд Тянь-Шань" - Қазақстан Республикасындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. Бұл тек жаңа жұмыс орындары ғана емес: зауытта қазірдің өзінде 370-тен астам қызметкер жұмыс істейді, өндіріс көлемін кеңейте отырып, олардың саны 500 адамға дейін көбейтіледі, сонымен біргежалпы өңірдің экономикасы да дами түседі. Біз жергілікті агроөндірушілерді қолдаймыз, өйткені макарон өнімдерін өндіру үшін жоғары сапалы қазақстандық бидай сатып аламыз. Өңірдің сауда-логистикалық базасын дамытамыз. Біздің логистикалық орталықтың жүк айналымының қуаты жылына 60 мың тоннадан асады"- деп атап өтті "Маревен Фуд Холдингс Лтд." Директорлар кеңесінің мүшесі Суан Хоанг мырза. Инвестициялық жобаны сәтті жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Алматы облысы әкімдігінің, Қапшағай қаласы әкімдігінің және "Қазақ Инвест" ҰК АҚ белсенді қолдауымен жүзеге асырылды. "Маревен Фуд Холдингс Лтд." жаңа өндірістік желілерді орнату және өндіріс көлемін 80 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлауда. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 50 млн-нан асады.