Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының 2019 жылғы кешенді рейтингтік талдауының қорытындысы бойынша "Маревен Фуд Тянь-Шань" "Сыртқы экономикалық қызметтің көшбасшысы-2019 " мәртебесі берілді, бұл біздің компанияның халықаралық нарықтағы орнының беріктігін көрсетеді.
Ұлттық бизнес-рейтингте бірінші орын бес көрсеткіш бойынша жеңіп алынды, оның ішінде операциялар көлемі, тауарлық позициялар мен контрагент елдердің саны үшін "дәнді дақылдардан, ұннан, крахмалдан және сүттен жасалған дайын өнімдер" тобында "Алтын" жүлде иеленді.».
Import Export Award-2019 құрметті марапаттарын тапсыру ррәсімі Астанада ағымдағы жылдың желтоқсанын айында өтеді.
Ұлттық бизнес-рейтинг – (ҰБР) - бұл сыртқы пайдаланушылар үшін (инвесторлар, мемлекет, банктер, сақтандыру компаниялары, БАҚ және т.б.) кәсіпорындар туралы объективті ақпараттық ресурс, ол экономикалық қызметтің көлемі, түрі және жұмыс географиясы бойынша ұқсас кәсіпорындар арасында Қазақстан кәсіпорындарының табыстылық пен тұрақтылық деңгейін көрсетеді. ҰБР сегіз елде Ұлттық бизнес-рейтингтердің ұйымдастыру комитеттерін біріктіретін, халықаралық бағалау принциптерін айқындайтын және Бизнеске арналған марапаттау бағдарламасын бастамашылық ететін Ұлттық бизнес-рейтингтер одағының өкілдігі болып табылады.