Жауапкершілік

Жауапкершілік

Экологиялық таза өнім

Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау — «Маревен Фуд Тянь-Шань» бизнесінің негізгі қағидаттарының бірі.

Жоғары технологиялар өндірістік цикл бойы пайдаланылатын су мен ауаның тазалығын қамтамасыз етеді. Барлық фабрикаларда қоқысты бөлек жинау жүзеге асырылады. Біз барлық қалдықтардың 90% қайта өңдеуге жібереміз: пластик, қаптама қатты қағаздар, стрейч-пленкалар, металдандырылған қаптамалар, оның ішінде 100% тамақ қалдықтары.
 


 

Энергия үнемдеуіш технологиялар

 
Mareven командасы қолданылатын табиғи газ бен электр қуатын азайту үшін тұрақты жұмыс істейді.

Біз қозғалыс датчиктері бар энергия үнемдейтін шамдарды, өндірістік желілердің энергия ресурстарын автоматты түрде беру реттегіштерді, сондай-ақ қайталама жылу энергиясын пайдалануға мүмкіндік беретін жылутехникалық процестер саласындағы өзіміздің зерттеулерді тиімді пайдаланамыз.

Экологиялық таза өнім

Табиғи ингредиенттер

Біздің макарон өнімдерінің басты компоненті - ұн. Өндірісте біз жергілікті агрокәсіпорындар жеткізетін жоғары сапалы қатты және жұмсақ сұрыптардан дайындалған бидайды пайдаланамыз.

«Маревен Фуд Тянь-Шань» компания орналасқан өңірдің экономикасын қолдай отырып, шикізатының басым бөлігін жергілікті өндірушілерден сатып алады.