Бизнес және мемлекет: сенімді серіктестер

2 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысының жұртшылық және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен жұмыстық кездесуі өтті.

Аграрлық-өнеркәсіптік секторды «Маревен Фуд Тянь-Шань» директоры Бернард Вавржин таныстырды. Ол Маревеннің сәтті жүзеге асырылған инвестициялық жобасы, тамақ өнімдерін өндіру бойынша заманауи жоғары технологиялық завод салу үшін Алматы облысын таңдау себептері және даму перспективалары туралы айтып берді:

«Өңірдің қуатты аграрлық әлеуеті мен логистика үшін тиімді географиялық орналасуын атап өту қажет, бұл шешім қабылдау үшін өте маңызды критерийі болып табылды».

Нәтижесінде, 2018 жылы Қапшағай қаласының маңында рекордтық қысқа мерзімде, атап айтқанда 10 ай ішінде завод салып, Роллтон және BIGBON сияқты танымал брендтер өнімдерінің кең түрлерін шығаруды жолға қойдық.

Жобаны іске асыру аясында 15 млрд.теңгеден астам – 50 млн. доллардан астам инвестиция салынды, 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылуда.

«Маревен Фуд Тянь-Шань» заводы ТМД аумағындағы (Ресей мен Украинадан кейін) 3-ші Маревен Фуд Холдингс заводы болып табылады және мақтанышпен айтамын – ең заманауи.

Кәсіпорын экспортқа бағдарланған және қазіргі уақытта Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты Орта Азия өңірлерінің елдеріне өнім жеткізу жолға қойылған, Ауғанстанға жөнелту басталды. Сонымен бірге, біз Қазақстанның ішкі нарығының қажеттілігін толықтай дерлік жабамыз.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы біз жаңа өндірістік желіні іске қосуды және тікелей біздің цехқа дейін теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз («Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында). Бұл бізге Қытай мен Моңғолия нарығына шығу жөніндегі жоспарларды жүзеге асыруға және одан әрі экспорт үлесін біз шығаратын өнімнің жалпы көлемінің 80% -ына дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сізге қолдау көрсеткеніңіз үшін тағы да үлкен рахмет. Біз сізбен әрі қарай жемісті ынтымақтастықта боламыз деп үміттенеміз және сенім артамыз, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін жұмыс істейтін боламыз!».

Басқа жаңалықтар